Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

Техникалық сипаттамалар

 

 

 
Ғимарат қаңқасы бірнеше ∑-пішінді және С-пішінді жұқа қабырғалы кескіндер типінен тұрады. Элементтерді жалғау алдын ала орындалған саңылаулары бар жалпақ бөлшектредің көмегімен іске асады. Тіреу ретінде мырыштан бұрандалар мен саморездер қолданылады. Жұқа қабырғалы кескіндерді құрылыстың ең аз салмағында ұстап тұратын қаңқаның бірегей беріктік сипаттамаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Есептік сипаттамалар арнайы өткізілген сынақтармен расталған.

 


Тоттанудан қорғаныс
Қаңқаның барлық элементтерінде мырышталған болатты қолдану бірегей тоттануға қарсы табандылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ғимараттарды түрлі агрессиялық орталарда пайдалануға мүмкіндік береді.

 


Беріктігі
Қаңқаның беріктік сипаттамалары «ScadOffice» бағдарламалық кешенін қолдану есептік жолымен тексерілген, есепті растау үшін кескіндерді статикалық сынақтар кешені және ғимарат фрагментінің заттай үлгілерін арнайы сынақтар өткізілді.
Ауыртпалықтар: Қарлық 4 аудан, желдік 4 аудан, сейсмотұрақтылығы 9 балл. 
 

 

 

Қоршайтын құрылыстар
Ғимараттарды қоршайтын құрылыстар ретінде мырышталған және боялған болаттан бейінді бет қолданылады. Жабын үшін ВН-45-900 бейінді болат бет, қабырғалар үшін ВС-18-1100 пайдаланылады. Жылытқыш ретінде беті жұқалтырланған, синтетикалық жіптерден беріктігі жоғары тормен арматураланған  минералды-мақталы жылытқыш қолданылады.

Ғимараттарды қаптау түрлері
Салқын ғимарат
Жылытылмаған түр. Қоршау үшін беті полимерлі мырышталған бейінді бет пайдаланылады. Жылытылған ғимарат (үнемдеу-түр)

Жабын (жылыту 150 мм).
Қабырғалар (жылыту 100 мм).
Бейінді бет және жұқалтырланған негіздегі минералдымақталы жылытқыш. Опционалды ішінен BC-18-1100 бейінді бетпен қаптау мүмкін. Тапсырыс берушінің қажеттеріне негізделе отырып Қазақстан үшін мұндай жылытқыш ауаның температурасы 28-30 °С болғанда саудалық, қоймалық және өндірістік мақсатқа арналған ғимараттарда 16-18 °С  температураны қамтамасыз етуге жеткілікті. 

Техникалық сипаттамалар